365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістандағы танымдық музей тарихтан сыр шертеді

  • 405
  • UPD: 09:31, 22.06.2018
Түркістандағы танымдық музей тарихтан сыр шертеді azretsultan.kz

Қожа Ахмет Яссауи, Арыстанбаб Ханаки, Әзірет Сұлтан секілді теңдессіз тарихи нысандардан бөлек Түркістанда 70-ке жуық мәдени ошақ жұмыс жасайды.

Олардың барлығы «Руxани жаңғыру» аясында киелі орындар картасына енген. Күллі түркі жұрты тәу ететін көне Түркістанның ерте дәуірдегі, орта ғасырлық және Шыңғыс хан мен Әмір Темір дәуіріндегі тарихын білгіңіз келсе, облыстық этнографиялық музейге келіңіз. 2011 жылы ашылған мезетте музейде небәрі 1600 жәдігер болса, қазіргі таңда орталық 5805 құнды жәдігерімен мақтанады. Орталық экспозициясы негізінен 8 бөлімнен тұрады.

Түркістанның төл тарихына арналған тақырыптық-экспозициялық жоспары мен ғылыми тұжырымдамасын отандық белгілі ғалым-академиктер жасап шығарған. Аймаққа ислам дінінің таралуы, Қожа Ахмет Яссауи ілімі мен мұрасы, қазақ хандығының Ақ ордасы Түркістанның этнографиялық материалдары сізді ғасырлар қойнауына жетелейді. Сондай-ақ тәуелсіз Қазақстандағы жаңа Түркістанның да қалыптасу келбеті айшықталған.

Жергілікті тұрғындардан бөлек көнеден сыр шерткен экспонаттарды көруге жылына орта есеппен 20 000-дай турист музейге келеді екен. Сонымен қатар орталықтың филиалдары да жұмыс жасайды.

Авторы: Қамбар Бекенов

Осы категория бойынша: « Жыл соңына дейін қазақ тілінде бірқатар анимациялық фильм жарыққа шығады Қарағанды облысында күйшілер фестивалі ұйымдастырылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы