368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавл қаласында Мағжан Жұмабаевтың ескерткіші ашылды

  • 483
  • UPD: 13:48, 23.06.2018

Солтүстік Қазақстан облысында қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған іс-шаралар басталды.

Петропавл қаласында Мағжан Жұмабаевтың тағы бір еңселі ескерткіші пайда болды. Тас мүсіні өзіне аттас көшенің бойындағы алаңда ашылды. Оның шымылдығын Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен ақиық ақынның туысы Ләйлә Жанабаева түрді. Қоладан құйылған ескерткіштің биіктігі – 2,7 метр. Авторы Қазақстанға белгілі мүсінші – Едіге Рахмадиев. Салтанатты шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, зиялы қауым, ардагерлер мен жастар жиналды. Олар қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған қаламгердің өмір жолын сөз етіп, өлеңдерін арнады.

Дүйсен Қасейінов, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы:

- Мағжан Жұмабаевты түркі дүниесі өте жақсы біледі. Неге десеңіз, осыдан 100 жыл бұрын Түркияда соғыс болып жатқан кезде бабамыз өзінің өлеңдерін жіберген. Біз биылғы жылды Мағжан жылы деп жариялап, бүкіл түркі дүниесінде ғана емес, Еуропада да конференциялар, еске алу кештерін өткізіп тұрмыз.

Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған негізгі іс-шаралар ақынның туған ауылы Сарытомарда жалғасын табады. Онда дүбірлі той ұйымдастырылғалы жатыр. Атап айтсақ, мектеп оқушылары арасында республикалық Мағжан оқулары, түйе балуандары арасында күрес және ат жарысы өтеді деп жоспарланып отыр. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура

Осы категория бойынша: « Оралдағы көрмеге Аңсаған Мұстафаның 44 туындысы әкелінген «Ұлы дала мұрасы» көрмесі Әзербайжан халқының қызығушылығын тудырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы