368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында 200-ге жуық адам бір мезетте күй шертті

  • 207
  • UPD: 11:45, 29.06.2018

Қарағанды көгінде бүгін күй қалықтады.

Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай кеншілер мәдениет сарайы алдында 200-ге жуық адам бір мезетте күй шертті.

Тәттімбет атындағы қазақ академиялық оркестрі, «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі және жас домбырашылар Құрманғазының «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», Тәттімбеттің «Сарыжайлау» және Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйлерін төгілте орындады. Адамға рух беретін қайталанбас туындыларды қызықтауға жиылған жұрттың қарасы көп. Игі шара қазақтың қара домбырасын насихаттау, жастарға ұлттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған.

Жаролла Ақышев, кеншілер мәдениет сарайының директоры:

- «Сен, домбыра, серігімсің, Жасымнан сенсің қымбат, жердегі бар асылдан. Бабалардың аманатын арқалап, жеттің маған сонау алыс ғасырдан», деп ақындарымыз айтқандай, бұл домбыра күнінің аталуының мазмұны терең. Домбыра рухани жаңғырудың алтын кілті деп білемін. Халықтың ұлттық болмысын қалыптастыратын, халықты отансүйгіштікке тәрбиелейтін осы Ұлттық добмбыра күні арнайы белгіленді.

Осы категория бойынша: « Құрманғазының құрметіне арналған күйшілер сайысы биыл Ресейде өтеді Украиндық суретші Н.Назарбаевтың портретін бейнеледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы