370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбедегі Жұбанов атындағы колледжде «домбыра party» ұйымдастырылды

  • 264
  • UPD: 09:34, 01.07.2018

Ақтөбеде домбыра пати өтті. Ахмет Жұбанов атындағы музыка колледжінің тыңдаушылары ұлттық музыканы насихаттау мақсатында мазмұнды шара ұйымдастырды.

1971 жылы ашылған оқу орны еліміздегі ұлт аспаптар оркестрлеріне қажетті маман дайындайды.

Ақсәуле Байменшина, тілші:

- Ақтөбенің көгінде бүгін күй күбірлеген күн болды. Қара домбыраны серік еткен ақтөбелік балалар бүгін қаланың орталық көшесіне жиналып, бірлесіп бірнеше күй ойнады.

Нұрсайын Қонақбаев, қала тұрғыны:

- Күйді жақсы тыңдадым. Мына балаларға көп рахмет, жақсы кәдімгі. Домбыраны жақсы көремін. Күйді жақсы көремін, жақсы бәрі, рахмет.

Қаланың қақ ортасынан шыққан күйдің дауысын естігендер дәстүрлі өнерді тамашалауға жинала қалды. Ерекше рух, эстетикалық тәрбие беретін күйді балалар барынша шебер ойнады. Олар кәсіби білім алып жүрген оқушылар. 47 жыл бұрын ашылған колледжде білікті ұстаздар дәріс береді. Студенттерге мектеп оқушылары да қосыла кетті.

Айжан Кенжеғалиева колледждің бірінші курсын тәмамдады. Әкесі тоғыз жасында музыка мектебіне жетектеп апарыпты.  Домбыраға деген қызығушылығы оянып, өнер саласын таңдайды. Бала кезінде тапсырыспен жасатқан домбырасын жанынан тастамайды. Халықаралық байқаулардың жеңімпазының айтуынша, ұлттық өнерге қызығатын балалар көбейген.

Айжан Кенжеғалиева, А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің студенті:

- Бұрында кішкентай кезімде өте аз болып еді, ал, қазір көптеген бүлдіршіндер домбыра үйірмелеріне қатысады. Мен соған қуаныштымын. Өйткені, домбыра қазақтың жалпы, әр үйінде тұратын домбыра болып саналады. Сондықтан, мен домбыраны жақсы көргеннен барған болатынмын.

Домбыра пати кезінде Құрманғазы, Тәттімбет пен Динаның елге танылған күйлері ойналды.

Ақсәуле Байменшина, тілші:

- «Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» демекші, осы бір ұлттық аспапты насихаттау және жалпыға жақын таныстыру мақсатында қаладағы 6 скверде осындай шара ұйымдастырылды. Яғни, ол жерге домбыраны сүйетін, өнерді сүйетін балалар жиналып, күй ойнады.

Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Осы категория бойынша: « Әлемнің жас режиссерлері Павлодарға жиналады Аспап жасау өнері шебер мен домбырашының арасында байланыс болуын талап етеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы