374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аспап жасау өнері шебер мен домбырашының арасында байланыс болуын талап етеді

  • 257
  • UPD: 09:38, 01.07.2018

Қазақ күй өнерінде Алтай, Тарбағатай күйшілігінің тарихы терең.

Бастауын Кетбұғадан алып, Байжігіт қалыптастырған  шығыстың шыңырау күйлерін бүгінгі ұрпақ үзбей жалғастырып келеді. Күйшіге аспап та керек. 

Байжігіттің «Көксерке» күйін төгілтіп отырған музыкалық коллеждің 2-3 курс студенттері. Соңғы бірнеше жылда арнайы домбыра сыныбы ашылып, қазақтың барлық күйшілік  мектебі жүйелі түрде оқытыла бастады. Тек шығыстың шыңырау күйлері мен оның негізін қалаған Байжігіт одан  Қайрақбай, Бейісбай, Бейсенбі, Әшім, Әбуғазы тәріздес әйгілі тұлғалардың туындыларымен шәкірттер жете танысады. Ал қазақтың қара домбырасын ұлықтауға жеке күнтізбе белгіленуіне өнер өкілдері желпініп отыр.

Шалқар Рысханов, Байжігіт атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі: 

- Қазіргі кезде ұлттық өнеріміздің бағыты айқын болғанымен де оның түпкілікті терең зерттелуіне осындай жарлық осындай мемлекет тарапынан, оның тікелей Елбасының тарапынан қолдау көрсетіліп отырғаны өнеріміздің мәңгілік ететінін және әлі астары ашылмаған тұстарының терең зерттелуді мүмкіндік беретініне үлкен қуаныш деп ойлаймын.

Алтай, Тарбағатай жалпы шығыс күйшілік мектебі әлі толық зерттеліп-зерделеніп болған жоқ. 2010 жылы күйші Мұрат Әбуғазының топтастыруымен «Шығыстың шыңырау күйлері» деген кітап шықты. Оған  осы өңірдің 100-ге жуық ғана күйі енді. Ал бұл мектептің тарихы тереңде жатыр.

Шығыстағы домбыра жасайтын шеберлердің бірі Бақыт Кеңшілік. Өңірдегі әйдік күйшілерден бастап жас шәкірттерге дейін домбыра жасайды. Домбыраға тапсырыс берушілердің  бірі Әли Сапарбеков. 

Әли Сапарбеков, колледж студенті, домбырашы:

- Жалпы саясат жүріп жатыр ғой «рухани жаңғыру» деген. Соған өте үлесі көп деп ойлаймын. Рухнаи жаңғыруға. Жалпы  жастардың да домбырға ынтасы артады.

Ынта арту үшін домбыра жасаушы шеберлер мен күйшілердің арасында үнемі байланыс болу керек. Бүгінге дейін 1500-ден астам домбыра жасаған Бақыт Кеңшілік бұл салада енді жаңа серіпіліс боларына нық сенімді.

Бақыт Кеңшілік, ағаш шебері:

 - Енді біз осыны жасап, еңбегіміз кішкене бағаланбай келе жатып еді. Міне  кеше ғана Елбасымыздың жарлығы шықты. Бізді жандандырып, бізді оның үстіне қуаттай түсті.

Шілденің бірінде қара домбыраны ұлықтауға арналған шараға шығыстағы домбырашылар да қазір тыңғылықты дайындалып жатыр.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин, Аслан Төлепов

Осы категория бойынша: « Ақтөбедегі Жұбанов атындағы колледжде «домбыра party» ұйымдастырылды Бакудегі музейден ата-бабамыз ойнаған аспаптардың түпнұсқасын көруге болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы