365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда Каспийдің жағасына амфитеатр салынады

  • 939
  • UPD: 10:54, 01.07.2018
Ақтауда Каспийдің жағасына амфитеатр салынады

Ақтауда халықтың теңіз жағалауында серуендеп, отбасымен демалуы үшін 2 шақырымдай жер абаттандырылып жатыр.

Бұл жергілікті биліктің ақмаржан қаланың 55 жылдығына арнаған тартуы. Жоба бойынша дәл Каспийдің жағасында амфитеатр салынады. Биіктігі 8, ені 70 метр болатын дала сахнасы кемінде 15 мың көрерменге көрінеді. Мұнда түрлі концерттер мен мерекелік кештер өткізілетін болады. Жаңа жағалауда сондай-ақ теңізге түсетін 24 баспалдақ пен 5 тамашалау алаңы пайда болады. Киіз үй, орындықтар қойылып, спорттық және ойын алаңдары салынады. Көне тарихтан сыр шертетін композициялар мен мүсіндер қойылады. Қазір құрылысқа 45 техника мен 450 адам жұмылдырылған. Құны 1 млрд 24 миллион теңге болатын жоба алдағы тамыз айында ел игілігіне беріледі.

Алқажан Еділхан, өлкетанушы:

- Грек елінің антика стиліндегі істеліп жатқан мүсіндер, болмаса рутондылар, олар да жасалған, Коринев ордері деген бар сәулет ғылымында, соларды барлығы кісіге бір терең сезім ұялатады.

Осы категория бойынша: « Франциядағы Қазақстан елшілігі Ұлттық домбыра күнін атап өтті Елордадағы Қазақ елі монуметінде халық серуені өтіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы