368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент қолына қанша рет домбыра алды?

  • 238
  • UPD: 15:15, 01.07.2018
Президент қолына қанша рет домбыра алды?

Ұлттық домбыра күніне орай ҚР Президентінің телерадио кешені Елбасының домбыра шерткен сәттерінен құралған бейнеролик жариялады.

Телерадио кешенінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған жазбада «Президент қолына қанша рет домбыра алды? Санап жіберейік», - делінген.

Айта кетейік, бүгін Қазақ елі алғаш рет Ұлттық домбыра күнін атап жатыр. Қазақтың қасиетті қара домбырасын ұлықтайтын  Ұлттық мерекеде еліміздің барлық өңірлерінде ауқымды мәдени шаралар өтіп жатыр.

Ел ордасындағы «Қазақ елі» алаңында 2 мыңнан аса күйші жиналып, бір мезетте «Көңілашар», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін орындады. Шара барысында Қазақ елін Ұлттық домбыра күнімен құттықтаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Домбыра - қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі һәм бітім-болмысы», - деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 - Тыңдаушысын жігерлендіретін төкпе күйлер мен сыршыл шертпе күйлер қазақтың табиғатын танытады. Күміс көмей әншілеріміз домбыраны қолына алып, сайын даланы жаңғыртып, әуелетіп ән салған. Қастерлі аспап бүгінде симфония мен операға әр беріп, классикалык өнердің ажырамас бөлшегіне айналып келеді. Ол - қазақтың бренді мен паспорты, ешкімге ұқсамайтын қайталанбас келбеті. 

Естеріңізге сала кетейік, 13 маусым күні Елбасы Жарлығымен  «шілде айының бірінші жексенбісі - Ұлттық домбыра күні» деп белгіленді.

Осы категория бойынша: « Құрманғазы мен Дина шыққан өңірде Ұлттық домбыра күні атап өтілді Алматыда түрік мәдени орталығының көрмесі өтіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы