367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атақты актер Венсан Кассель қазақстандық режиссерлердің ұсынысын қабылдауға дайын екендігін жеткізді

  • 234
  • UPD: 21:56, 01.07.2018

Елордада басталған «Еуразия» XIV халықаралық кинофестивалінің басты қонақтарының бірі – франциялық актер Венсан Кассель.

Айтулы шараға арнайы келген «Сезар» сыйлығының иегері баспасөз өкілдерімен кездесіп, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.

Бүгінгі демалысында сауда орталығына келген астаналықтар әлемге танымал актерді кездестіреміз деп ойламаған болар. Таңқалған көпшілік осы сәтті суретке түсіруге асықты. «Мой король» фильміндегі басты рөлдердің бірін сомдаған Венсан Кассель көрермендермен ой бөлісіп, сұрақтарына жауап берді.

Венсан Кассель, актер:

- Бұл фильм ер және әйел арасындағы қарым-қатынасты бейнелейді. Әрбір адамның өмірінде мұндай жайттар болады. Сондықтан осы рөлді сомдағанда айтарлықтай қиындық болған жоқ. Мен әрдайым сценарийді мұқият қараймын. Кейіпкерімнің жан-дүниесі өзіме жақын болған жағдайда ғана түсірілімге келісім беремін.

«Еуразия» халықаралық кинофестиваліне арнайы келген Венсан Кассель баспасөз өкілдерімен де кездесті. «Черный лебедь», «Ненависть», «Читай по губам» сынды фильмдерімен әлемге танылған актердің өнер жолы барша қауымды қызықтырды. «Сезар» сыйлығының иегері отандық режиссерлерден қызықты ұсыныс түссе, елімізде киноға түсуге ниетті екендігін де айтты.

Венсан Кассель, актер:

- Мен үшін режиссердің кім екендігі не болмаса ұлты маңызды емес. Бастысы, оның жобасы қазіргі заманға сай болуы тиіс. Егер қазақстандық режиссер менің болмысыма жақын сценарий ұсынатын болса келісемін. Өз басым әрдайым адамның еңбегін бәрінен жоғары қоямын.

14 жылдық тарихы бар кинофестиваль Венсан Кассель сынды өз ісінің шебері атанған азаматтардың басын қосып, отандастарымызға ерекше тарту жасап отыр. Өз кезегінде франциялық актер мұндай жиындар киноиндустрияның дамуына ерекше үлес қосатындығын айтып, бас шаһарымызды 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Авторлары: Айнұр Ақылбайқызы, Ғани Алшынбаев, Жандос Битабаров

Осы категория бойынша: « Еліміздің өнер жұлдыздары семейліктерге дәстүрлі ән мен күйден тарту жасады І.Есенберлиннің «Ғашықтар» романы бойынша түсірілген сериал көрерменге жол тартады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы