365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл «Славян базары» ән сайысына елімізден Ернар Садырбаев қатысады

  • 647
  • UPD: 23:02, 02.07.2018

Көпшілікке «Әміре» лақап атымен танымал әнші Ернар Садырбаев халықаралық "Славян базары" конкурсында Қазақстанның намысын қорғайды.

Витебскіде өтетін өнер байқауы ең беделді сайыстардың бірі. Сондықтан әншінің жеке шеберлігі мен елдің мәдениеті де сынға түседі. «Славян базарында» тұңғыш рет «Ұлы дала өнері» деген атпен Қазақстан күні де өтеді. Ұлтымыздың мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттау мақсатында Беларусь еліне 70 адамнан құралған делегация барады. 20 мемлекеттің өнер майталмандары қатысатын байқау 12-16 шілде аралығында болады. Халықаралық сайыста Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева мен осы конкурстың 2015 жылғы жеңімпазы әнші Димаш Құдайберген қазылық жасайды.      

Ернар Садырбаев, әнші:

- Ол байқауға үш ән дайындап жатырмыз. «Құстар» әні Нұрғиса Тілендиев. Өзгеше стильде байқау стилінде, екінші ән Раян Поустың әні «Подбери музыку». Екінші күні оркестрмен орындаймыз ол әнді. Үшінші ән - Рокопера Моцарт музиклынан. Француз тіліндегі ән. Дайындық үш-төрт ай болды дайындалып жатқаныма.

Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртісі:

- Мына баламыз Ернар бұл конкурсқа қатысатын әнші. Конкурсқа қатысқан кезде өзінің деңгейін халықаралық деңгейде көрсету. Өзінің шығармашылығын сол форматқа сәйкес келетін халықаралық орындаушыларменен, жастармен сайысқа түсу. Ондай жастардың арасында сайысқа түсудің өзі деңгей. Ал егер де сенің шығармаң солардан кем түспей артық болып тұрса, ол Қазақстан мәдениетінің деңгейі, соның жоғарлығы!

Осы категория бойынша: « І.Есенберлиннің «Ғашықтар» романы бойынша түсірілген сериал көрерменге жол тартады Әйгілі режиссер Эмир Кустурица «Еуразия» фестиваліне қатысу үшін елордаға келді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы