367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Серпер» халық аспаптар оркестрлері фестивалінің соңғы кезеңі өтуде

  • 190
  • UPD: 19:48, 05.07.2018

Есіл жағалауындағы амфитеатрда «Серпер» VІ республикалық қазақ халық аспаптар оркестрлері фестивалінің соңғы кезеңі өтіп жатыр.

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған байқауда шетелдік және қазақстандық танымал ұжымдар бақтарын сынауда.

Мирлан Алтынбек, twitter@mickthatsmynick

– Бұл жолғы фестивальге шетелдік және қазақстандық танымал ұжымдар қатысады. Атап айтсақ, Кореяның «Иксан» дәстүрлі аспаптар оркестрі, Батыс Қазақстан өңірінен Дәулеткерей атындағы халық аспаптар оркестрі, Атыраудан «Нарын» ұлт-аспатар оркестрі, Иран Ислам Республикасының ұлттық аспаптары оркестрі, Қырғызстаннан «Акак» комузшылар ансамблі, Ақтаудың Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, сондай-ақ жеке солистер Дағыстаннан Шамиль Шерифалиев, Алтай Республикасынан Добрыня Сатин, Македониядан Стефчэ, және қырғыз елінен Гүлнұр Асанова қатысып жатыр. Дәстүрлі байқаудың мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ өнерпаздары мен төл өнеріміздің мәртебесін арттыру. Жалпы өнер додасы қалалық саябақтар, «Бәйтерек» монументі алаңы, орталық алаңдарда өткізіліп келді. Қазақы өнердің қарымын көрсететін мұндай фестивальдердің жиі өтуі көңілге қонымды. Ата-дәстүрімізді ұлықтауға және қатысушыларға шабыт беру үшінде бұл байқаудың ұйымдастырылуы әбден қажет-ақ. Жалпы ұйымдастыру комитеті халықтың мәдени мұрасы мен ұлттық өнерін насихаттау және дамыту, шығармашылық ұжымдардың тәжірибе алмасуы және танысу мақсатында өткізеді. Еске салайық, Әзербайжаннан Илхам Гулиев, Хакасиядан Герман Танбаев, Саха Республикасынан Саарын, Башқұртстаннан Рамил Гайзуллин, Қарағандыдан Тәттімбет атындағы қазақ оркестрі, Ақтөбенің Ғазиза Жұбанова атындағы қазақ оркестрі, Қырғызстанның Бішкек халық аспаптары оркестрі, Ресейдің Новосібір қаласынан орыс академиялық оркестрі және тағы да басқа өнер ұжымдары бұған дейін өзіндік өрнек салып, із қалдырғаны белгілі.

Осы категория бойынша: « Астанада ерекше театрлардың І халықаралық фестивалі басталды Астанаға 20 жыл: Ұлы тұлғалардың жеке заттары көпшілік назарына ұсынылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы