374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда төрінде «Шаттық» халықаралық фестивалі басталды

  • 260
  • UPD: 11:36, 06.07.2018

Тотыдай таранған Елорда төрінде мерекелік шаралар басталып та кетті.

Мысалы, «Шаттық» атты халықаралық фестиваль ел назарын өзіне аударды. 

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Алдымен өзіңізді және барша қазақстандықтарды Елордамыздың 20 жылдығымен құттықтауға рұқсат ет! Мереке құтты болсын! Иә, биылғы жылы «Шабыт» фестивалі халықаралық деңгейде ұйымдастырылып жатыр. Еліміздің облыстарынан келген балаларды есептемегенде, бас-аяғы 12 елдің дарынды ұл-қыздары қатысуда. Олардың ішінде Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Украина, Армения, Литва, Түркия және өзге  мемлекеттерінен үміткерлер бар. Өнер десе ішер асын жерге қоятын жас өрендер музыка, фотоөнер, музыка, театр және қолданбалы өнер, тіпті акробатика бойыша бақтарын сынады.

- Балалардың шығармашылығын сарапқа салған қазылар алқасы туралы не айтасың?

- Жастар өнеріне әділ бағасын берген қазылар алқасының құрамында Сербия, Түркия, Латвия, Болгария, Беларусь елдерінің білікті мамандары бар. Ал төрешілер ұжымына аты аңызға айналған бұлбұлымыз Бибігүл Төлегенова жетекшілік етеді. Жалпы байқаудың басты мақсаты – мәдениет пен өнер саласындағы халықаралық байланыстарды нығайту, талантты балаларды қолдау. Бұл шараға 6-18 жас аралығындағы балалар бақтарын сынауда. 

Биылғы жылы байқауға 600 ден астам бала жиналды. Бұл осымен оныншы рет ұйымдастырылған шараның жоғары деңгейінің дәлелі болса керек.

Осы категория бойынша: « Астанаға 20 жыл: Ұлы тұлғалардың жеке заттары көпшілік назарына ұсынылды Үрмелі аспаптар оркестрлері елорданы әуенге бөледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы