365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлытауда өтіп жатқан халықаралық музыка фестиваліне 9 мемлекеттің өнерпаздары қатысуда

  • 254
  • UPD: 15:16, 14.07.2018
Ұлытауда өтіп жатқан халықаралық музыка фестиваліне 9 мемлекеттің өнерпаздары қатысуда

Ұлытау төрінде халықаралық «Жезкиік» музыка фестивалі басталды.

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған ауқымды шараға шет елдерден 92 өнерпаз қатысып жатыр. Жапония, Түркия, Шотландия, Франция, Ресейдің Алтай өңірі, Мексика секілді 9 мемлекеттен жиналған 11 фольклорлық ұжым бұл күні Арқа төсін әнге бөледі. Әр елдің өнерпаздары өздерінің ұлттық аспаптарында ойнап, этно әндер орындады. Әлемдік деңгейдегі ән кешін тамашалауға келген жұрттың қарасы қалың. «Сондықтан бұл фестиваль үш жүздің басын қосқан қасиетті мекен – Ұлытауды дүние жүзіне насихаттаудың ең ұтымды жолы», – дейді кеш қонақтары.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Керемет шараның бүкіл қазақ елі үшін қасиетті Ұлытау жерінде өтуі өте орынды шешім деп қабылдаймыз. Ұлытауды, Түркістанды әлемдік мәдени мұраның мызғымас нышандары ретінде қалыптастыру – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі. Осы мақсатқа жету үшін бүгінгі фестиваль үлкен үлес қосады деп сенеміз.

Осы категория бойынша: « Қазақстандық қатысушы «Славян базарында» қандай әндер орындайтынын айтты Домбырашыларымыз Голливудтің өнер сайысында алтын медаль жеңіп алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы