367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Домбырашыларымыз Голливудтің өнер сайысында алтын медаль жеңіп алды

  • 331
  • UPD: 19:24, 14.07.2018
Домбырашыларымыз Голливудтің өнер сайысында алтын медаль жеңіп алды

«Бастау» домбырашылар тобы АҚШ-тың World Champions Olympic байқауына қатысып, өз номинациялары бойынша алтын медальға ие болды.

Бұл туралы топ продюсері Алпамыс Шәрім хабарлады.

«Бұл жолды жүріп өту қаншалықты қиын екенін білсеңіздер ғой. Сүйінші! Қазақтың қара домбырасы Hollywood саxнасына шықты. «Бастау» домбырашылар тобы өз номинацияларында алтын медальге ие болды. Жеңісімізді биылғы Ұлттық домбыра күніне арнаймыз»,- деді «Бастау» тобының продюсері Алпамыс Шәрім.

World Championship of Performing Arts - WCOPA халықаралық таланттар олимпиадасы. Деңгейі жағынан WCOPA дүниежүзілік Олимпиада ойындарымен тең. Өнер додасына әр мемлекеттің ең талантты деген өнерпаздары қатысады. Әлемдік шоу-бизнестің астанасы Лос-Анджелесте осымен 22 рет ұйымдастырылған олимпиадада 72 мемлекеттің өкілдері  бақ таластырды. Қазақстан аталған жарысқа алғаш рет қатысып отыр.

Осы категория бойынша: « Ұлытауда өтіп жатқан халықаралық музыка фестиваліне 9 мемлекеттің өнерпаздары қатысуда Қазақстанның халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпова өмірден озды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы