365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Йоркте Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінің көрмесі аяқталды

  • 424
  • UPD: 18:02, 15.07.2018

Нью-Йорктегі Ұлттық өнер клубының Гранд галереясында Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінің көрмесі аяқталды.

Астананың 20 жылдығына арналған вернисаж бір айға жалғасты. 8 маусымнан бастап Нью-Йорк қонақтары мен тұрғындары Азия мен Еуропа торабы көрмесінде бірегей өнер туындалырын тамашалады. Әйгілі американдық өнертанушылар қазақстандық суретшілердің жұмыстарына жоғары баға берді. Жұртшылықтың назарына 1930-1970-ші жылдар аралығындағы отандық өнер туындалары ұсынылды. Көрме 1898 жылы негізі қаланған әйгілі арт-клубта өтті. Сонымен қатар Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі көрмесі аясында 21-ғасырдағы мәдениет пен өнердегі қазақстандық-америкалық байланысқа арналған жиындар ұйымдастырылды. АҚШ-тағы танымал өнертанушы, «Сотбис» аукциондық үйінің бұрынғы вице-президенті Соня Беккерман қазақстандық суретшілердің еңбегін отанына деген махаббатты аса шеберлікпен жеткізе білген деп сипаттады. 

Соня Беккерман, АҚШ өнертанушысы:

- Қазақстандық суретшілердің туындылары АҚШ-та бұрын-соңды көрсетілген жоқ. Менің ойымша, күллі әлем оларды білуі тиіс. 1930-1970 жылдардағы Қазақстан көркемөнерінің үздік шығармалары қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынылған. Әр суретте авторлар ел мәдениетін өте жоғары деңгейде көрсете білген. Нью-Йорк тұрғындары Қазақстан көркем өнерімен алғаш рет танысып отыр.

Роберт Янер, Нью-Йорк қаласындағы Ұлттық өнер клубының өкілі:

- Жыл сайын маусым айында өзге халықтың өнер туындылары осы жерде көрсетіледі. Биыл бұл мүмкіндік Қазақстанға бұйырып отыр. Суретшілердің түстерді шебер пайдаланғаны, табиғат көрінісін, әсіресе кең даланы бейнелегені таңқалдырды.

Осы категория бойынша: « «Славян базары» фестивалінде алғаш рет Қазақстан күндері өтті «Ertis Cinema» халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы