369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Славян базары» байқауының жеңімпазы қазақстандықтарға алғысын білдірді

  • 274
  • UPD: 13:46, 19.07.2018

Мен үшін халықтың пікірі маңызды. «Славян базары» халықаралық өнер байқауында бірінші орын алған отандасымыз қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғыс білдірді.

«Әміре» деген лақап атпен белгілі Ернар Садырбаев ақтық сында румыниялық әншімен ұпайы тең түссе де қазылар бас жүлдені қарсыласының қанжығасына байлады. Әміре мен Марчел Рошка екеуі теңдей 156 ұпай жинаған болатын. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жас әнші жоспарларымен бөлісті.

Ернар Садырбаев, «Славян базары» халықаралық байқауының I-орын иегері:

- Себебі халықтың батасы, халықтың көңілі ең бастысы.  Ешкімнен кем ұпай алған жоқпыз. Екі күн бойы жоғары да бірінші орында тұрдық. Әрі қарай болған шешім қазылардың шешімі. Бірақ мен үшін халықтың көңілі, өзімнің көрсеткен өнерім.

Осы категория бойынша: « «Киелі Қазақстан» экспедициясы басталды ШҚО-дағы Тарбағатай ауданынан алтын адам табылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы