374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы Тарбағатай ауданынан алтын адам табылды

  • 741
  • UPD: 08:26, 20.07.2018
ШҚО-дағы Тарбағатай ауданынан алтын адам табылды

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Елеке сазынан ұлттық тарихымызға қатысты құнды жәдігерлер табылды.

Бұл аумақта археолог Зейнолла Самашевтың жетекшілігімен қазба жұмыстары бір ай бұрын басталған. Нәтижесінде сақ дәуіріне жататын 3 қорғаннан 3 мыңға жуық алтын заттар табылды. Алтынмен апталған әйел адамның әр түрлі пішіндегі моншақтары және киімдеріне арналған жапсырмалар шыққан. Сондай-ақ алтыннан соғылған ат әбзелдері де бар. Осы заттарға қарап ғалымдар бұл қорғандарда бекзадалар мен ханшайымдар жерленуі мүмкін деген болжам жасап отыр. Археологтар сол замандағы шеберлердің алтынды игеру технологиясын ерекше меңгергеніне таң қалып отыр. Жалпы Тарбағатай ауданында сақ дәуіріне жататын 200-ден астам қорған бар.

Зейнолла Самашев, археолог, тарих ғылымдарының докторы:

– Қазақстанда алтын адамдар көп. Сол алтын адамдардың қатарына тағы бір адам ескерткіші қосылды. Үлкен мемлекет өмір сүрген. Онда өндіріс болған. Археологтардың алдындағы міндет – тарихымыздың тереңде жатқанын, тарихи сабақтастықты көрсетіп, үлкен мәдениеттің мұрагері екенін көрсетіп, дәлелдеу.

Осы категория бойынша: « «Славян базары» байқауының жеңімпазы қазақстандықтарға алғысын білдірді Сегіз серінің шекпені табылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы