374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана Опера» театрында заманауи хореография кеші өтті

  • 159
  • UPD: 00:00, 22.07.2018
«Астана Опера» театрында заманауи хореография кеші өтті

Заманауи хореография кеші. «Астана Опера» театры  жаңадан сахналаған қойылымын осылай атаған.

Айта кетейік, бұл театрдың осы маусымдағы соңғы премьерасы.  Қоюшы хореографтар –  әлемге танымал белгілі балетмейстерлер Раймондо Ребек  пен Ксения Зверева. Балет адам өмірінің қилы сәттері туралы пәлсапалық ой-толғаудан тұрады. Бірінші бөлімде бишілер үш жұп болып, адамның  бойжеткен-бозбала шағын,  кемелденген кезеңін бейнелейді. Ал екінші бөлім қос ғашықтың өмірінен сыр шертеді. Олар  өз жолдарында  жақсылық пен жамандықты, махаббат пен өшпенділікті, қайсарлық пен өзімшілдікті қатар кездестіреді.  Спектакль қазіргі кездегі жұртшылықтың бір - біріне деген қарым қатынасы мен адами құндылықтарды би қимылымен көрсетеді. 

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

- Бүгін елімізде жаңа туынды пайда болды. Елордамыз Астананың 20 жылдығы аясында балеттің идеясы Алтынай Асылмұратованікі. Ол өз алдына қазақтың бір сюжетін алып, қазақтың заманауи балетін қоям деген өзіне мақсат қойған екен. Өздеріңіз білесіздер елге, дүние жүзіне танымал биші. Ол кісі әрдайым жоғары сапаны алдына қояды.

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде халықаралық авторлық әндер фестивалі өтуде Павлодар облысында Мұса Шормановтың кесенесі бой көтереді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы