374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде күмістен жасалған жәдігерлер көрмесі өтті

  • 201
  • UPD: 08:16, 22.07.2018
Семейде күмістен жасалған жәдігерлер көрмесі өтті

Бұл жерден күміс құтыларды, әшекейлер мен қолөнер бұйымдарын көруге болады.

Облыстық өлкетану музейі ұйымдастырған шараға бас-аяғы 160-қа жуық жәдігер қойылған. Олардың көбі музей қорында жылдар бойы сақталып келген. Ал кейбірі көпшілік назарына алғаш рет ұсынылып отыр. ХІХ-ХХ ғасырдағы зергерлердің қолынан шыққан талай дүние келушілерді қызықтырмай қоймайды.

Мирас Құсайынов, облыстық өлкетану музейінің маманы:

- Жалпы, күмістің қасиеті неде? Күміс сиқыры неде? Неге әшекей бұйымдарды, күмістен жасалған әшекей бұйымдарды көрсетеді? Жалпы, алтыннан қарағанда күмістің қасиеті жақсы бағаланған. Тіл-көзден сақтайтын сондай бір ерекше күшке ие деп санаған. Сондықтан тек әшекей, сәндік мақсатқа ғана емес, бойтұмар ретінде де пайдаланған.

Осы категория бойынша: « Павлодар облысында Мұса Шормановтың кесенесі бой көтереді Елорда тұрғындары кітап алмасты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы