365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тың танымал бишілері Астанада шеберлік сабақтарын өткізеді

  • 247
АҚШ-тың танымал бишілері Астанада шеберлік сабақтарын өткізеді

Астанадағы шеберлік сағатына қатысу үшін әлемнің бес елінен 100-ден астам жас биші келді.

Орталық Азия би фестивалінде олар екі апта бойы АҚШ-тың дүние жүзіне белгілі хореографтарынан тәлім алады. Өз тәжірибесімен Кэтрин Пилкингтон мен Тара Комптон бөліспек. Олар неоклассикалық балет, модерн, бродвей, импровизация, джаз және хип-хоп секілді би түрлерінен тегін сабақ өткізеді. Айта кету керек, АҚШ елшілігі ұйымдастырған мұндай фестиваль елордада алғаш рет өтіп жатыр.

Пол Эмерсон, хореограф:

– Қатысушылар екі апта бойы тыным таппай билейді. Таңғы 10-нан бастап, кешкі сағат 8-9 дейін жалғасты. Біздің мақсатымыз – оларды би техникасына оқыту. Сондай-ақ мұнда хореографияны фото және бейнесуретке түсіру әдістеріне де үйретеміз.

Осы категория бойынша: « Жезқазғандағы музей 300 жәдігермен толықты «ТМД аруы»: Астанаға 10 елден қатысушылар келді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы