367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде көне фарфор таңбалары мен тиындар табылды

  • 222
  • UPD: 15:55, 23.07.2018

Семей өлкетанушылары соңғы экспедиция барысында тапқан олжаларын халықтың назарына ұсынды.

Қазба барысында табылған 500-ге жуық заттың ішінде көне фарфор таңбалары мен тиындар бар. Бұл тиындар Цин әулетіне тиесілі. Өлкетанушылардың айтуынша, қазба жұмыс орындарында табылған бағалы фарфор таңбаларының жасы шамамен 300 жыл. Мамандар олардың көмегімен бұрын зерттелмеген қоныстарды анықтап жатыр.

Марат Сасанов, «Прииртышье» өлкетану қоғамының басшысы:

- Фарфор таңбалары мен тиындар біздің қала аумағынан 100 шақырым қашықтық шамасында табылды. Өз өңірімізді жан-жақты зерттетейтін боламыз. Нәтижесінде әрбір заттың қай жақтан табылғанын айта аламыз. Сонымен қатар біздің әрбір экспедициямыз, не тапқанымыздың барлығы тіркеліп отырады. Яғни барған жеріміз, фотосуреттер, табылған заттардың барлығы мемлекеттік мұрағатта тізбектеледі.

Осы категория бойынша: « «ТМД аруы»: Астанаға 10 елден қатысушылар келді Астанада Париж ұлттық операсының балет труппасы өнер көрсетеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы