369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Париж ұлттық операсының балет труппасы өнер көрсетеді

  • 287
  • UPD: 23:00, 23.07.2018

Париж ұлттық опера театрының балет труппасы Астанада өнер көрсетеді.

Елорданың 20 жылдығына айтулы тартуды еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген. «Gala de Paris» атты ауқымды бағдарлама 3 күнге жоспарланған.

Француз балет өнерінің майталмандары, америкалық дирижер, римдік өнер жанашыры мен «Астана Опера» симфониялық оркестрінің ортақ туындысы елорданың 20 жылдығына арналған. Ел тарихына алтын әріппен жазылатын маңызды өнер кешіне дайындық қызу.

Владимир Ланде, дирижер /АҚШ/

– Мен әртістердің өнеріне тәнтімін. Жақында премьераны тамашаладым. Театр дамып келеді. Мұндай өнер адамдарымен жұмыс істеу – мен үшін мәртебе. Астана үшін арнайы жасалып отырған концертке дайындығымыз басталды. Бұл – мен қатысқан ең ауқымды әрі маңызды жоба.

«Paris Opéra Ballet» – XIV Людовик патшаның тұсында құрылған. Астаналықтар енді 350 жылдық тарихы бар осы труппаның өнерін тамашалайтын болады. Белгілі дизайнерлер тіккен костюм, классикалық шығармалар, ыстық ықылас. Еуропалық балеттің жарқын жұлдыздары көрерменге ерекше әсер сыйлауға дайын.

Антон Левахин, жоба авторы /Италия/

– Астанаға жиналған барлығымыз үшін бұл – бірегей шара. Елорда бізді құшақ жая қарсы алды. Қазақстанға 10 жыл бұрын келгенмін. Көркейген, дамыған. Театрларыңыз қандай керемет. Оркестрі өте бай, жарқын үнге ие екен. Француз балет өнерінің майталмандары сіздер үшін келіп жатыр. Бұл қайталанбас сәт болмақ.

Концерттік бағдарлама «Раймонда» балетінің үзіндісімен ашылады. «Астана Опера және балет» театры өнерсүйер қауымды шілденің 27-сі күні күтеді.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Асхат Қарағойшы

Осы категория бойынша: « Семейде көне фарфор таңбалары мен тиындар табылды «Анаға апарар жол» фильмі АҚШ-та прокатқа шығады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы