365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шұбыртпалы батырдың ұрпағы баба рухына тәу етті

  • 513
  • UPD: 19:56, 03.08.2018
Шұбыртпалы батырдың ұрпағы баба рухына тәу етті

Астанада Ақмола шайқасының 180 жылдығына орай ғылыми-танымдық конференция өтті.

Шараға патша әскерімен жан берісіп күрескен Кенесары ханның сардары Шұбыртпалы батырдың ұрпақтары мұрындық болған. Олардың қатарында Ираннан келген мәртебелі меймандар бар. Текті ұрпақ бабалардың ерлігін зерттеп, тағылымын көпке үлгі етіп келеді. Конференция барысында Астанадағы Ағыбай батыр көшесінде еңселі ескерткіш бой көтеретіні айтылды. Сондай-ақ «Шұбыртпалы шежіресі» кітабының тұсауы кесілді.

Марат Әбсеметов, тарих ғылымдарының докторы:

- Астананың төрінде үлкен Көкбел деген зират бар. 500 жылғы көне зиратта үлкен бабалар жатыр. Сол 180 жыл бұрын 200-300 батыр жерленген. Шара соған байланысты. Қазақ халқы үлкен соғыстан өтсе де рухы сөнген жоқ.

Осы категория бойынша: « Астаналықтар ХХ ғасырдағы камералық музыканы тыңдады «Талант шоу» байқауының жеңімпаздары анықталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы