374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Талант шоу» байқауының жеңімпаздары анықталды

  • 241
«Талант шоу» байқауының жеңімпаздары анықталды

Елімізде «Талант шоу» атауымен әлеуметтік желіде өнерімен дараланғандардың арасында байқау өтті.

Шамамен екі айға ұласқан сынның жеңімпаздары анықталды. Бірінші орын қызылордалық Айбек Жағыпарға бұйырды. Жүлдегер салтанатты түрде марапатталып, 300 мың теңгенің сертификатына ие болды. Екінші, үшінші орын алғандарға да қаржылай сыйлық берілді. Жалпы байқауға 100-ден аса жұмыс түскен. Соның ішінде 15-і іріктеліп, оған әлеуметтік желіде халық дауыс берді. Осылайша, жұрттың жоғары бағасын алғандар жеңіс тұғырынан көрінді.

Айбек Жағыпар жеңімпаз:

– Жеңетініме сенімді болдым. Өзім кәсіби әнші емеспін. Үйімде гитарада ойнайтындар бар.

Әлібек Байнешов, байқауды ұйымдастырушы:

– Бұл байқау «Халықтың сүйіктісі» ұлттық премиясының аясында өткізіліп отыр. Ерекшелігі, онлайн түрде өтті. Қатысушылардың жас ерекшелігіне ешқандай шектеу қойылған жоқ.

Осы категория бойынша: « Шұбыртпалы батырдың ұрпағы баба рухына тәу етті Павлодарда өтіп жатқан «Ұлы дала елі» этнофестивалі үш күнге жалғасады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы