374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екібастұзда музыка мектебіне Естай Беркімбаевтың есімі берілді

  • 329
  • UPD: 11:42, 05.08.2018
Екібастұзда музыка мектебіне Естай Беркімбаевтың есімі берілді

Қазақ саз өнерінің шоқ жұлдызы, әнші, композитор Естай Беркімбаевтың туғанына биыл 150 жыл.

Ұлтымыздың өнерін көкке көтерген ұлы әншінің мерейтойын жерлестері өнер саңлағы дүниеге келген Екібастұздың Қаражар ауылында атап өткен еді. Ал Павлодардың бас сахнасында «Ертістің ерен Естайы» атты дәстүрлі әншілер фестивалі өтті. Қазақстанның жеті облысынан келген өнерпаздар Естайдың әндерін орындады. Тіршілігінде өнерімен талайды тамсандырған әнші-композитордың есімі тақауда Екібастұздың музыка мектебіне берілді. Қазақ өнеріне өзіндік қолтаңбасын қалдырған ерекше дарын иесінің туындылары бүгінде классикаға айналған.

Төлеутай Серіков, әнші /Талдықорған қаласы/

– Естай Беркімбайұлының әндеріне кішкентай кезімнен сусындап өскенмін. Бұл кісінің өміріне, жалпы оның шығармашылығына үлкен шабыт берген Қорлан, өзінің ғашығы. Сондықтан Қорланға арналған әндері көп.

Осы категория бойынша: « Павлодарда өтіп жатқан «Ұлы дала елі» этнофестивалі үш күнге жалғасады Астанада «Falling Man» қойылымының әлемдік тұсаукесері өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы