369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстанда Абайдың туған күні жоғары деңгейде атап өтілді

  • 328
  • UPD: 14:30, 11.08.2018

Өзбекстандықтар Абайдың туған күнін жоғары деңгейде атап өтті. Салтанатты шара ұлы ақынның Ташкенттегі еңселі ескерткішіне гүл қойып, рухына тағзым етуден басталды.

Оған Өзбекстанның Мемлекеттік хатшысынан бастап, диаспора өкілдеріне дейін қатысты. Зиялы қауым екі елге ортақ ұлы ойшыл жазушының артына қалдырған құнды дүниелеріне тоқталды. Жастар қазақ және өзбек тілінде өлеңдерін оқыды. Бұл күні көршілеріміз Абайдың туып өскен жері Семей өңірінен арнайы барған көшпелі көрмені тамашалады. Жалпы биылғы жылы наурызда Өзбекстан президенті Абайдың шығармашылық мұрасын кеңінен зерттеп, насихаттау туралы жарлыққа қол қойған болатын. Содан бастап, Абай мұралары балабақшадан бастап, әскери құрылымдарда насихатталып жатыр. Өзбекстан жазушылар одағы Абайдың туған күні өзбек тіліне аударылған таңдамалы шығармалар жинағының тұсауын кесті. Шығыс шайырлары сонымен бірге «Өзбекстан мен Қазақстанның әдеби байланысы» және «Қазақ ақындарының 40 өлеңін» тәржімалап шығыпты.

Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы: 

- Алдыңғы буын ағаларымыз, үлкен ақсақалдарымыз қашан да мынау өзінің туысқандық, достық көңілдерімен бір-бірінің шығармаларын оқып, бір-бірінің шығармаларын тәржімалап, насихаттап келген. Олар қоян-қолтық араласқан. Ал енді біз сол достықты келешекке, ұрпаққа қалай жеткіземіз деген оймен осы тарихи құжатқа қол қойдық. Оның ішінде антологиялар алмасу, кітаптар аударып шығару. Сонымен қоса газеттеріміздің арасындағы байланыс, журналдар арасындағы байланыс. Бірімен бірі материал алмасып, номер алмасып шығару бар.

Мехмон Исломханов, Өзбекстан Жазушылар одағы Қазақ әдебиеті кеңесінің жауапты хатшысы:

- Абай ешқашан өлмейді. Өйткені Абайдың жазып қалдырған сөз маржандары мен қайталанбас шығармалары қара сөздері бізге өмір сүрудің ең дұрыс және дара жолдарын көрсетіп келеді. Дүниеге басқа бір көзқараспен қарауға, әлемге деген сүйіспеншіктің өзіндік сырын ұқтырды, жалпы жұртты бір-бірімен бір ата мен анадан тарағандай ой салатын өлмес туындыларын қалдырды.

Осы категория бойынша: « Оңтүстік Кореяда Қазақстан туралы фильмдер көрсетіледі Оралда «Абай мұрасы – халық мұрасы» атты акция өтіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы