369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда Е.Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың фестивалі мәресіне жетті

  • 381
  • UPD: 23:15, 25.08.2018

Оралда әйгілі әнші-композитор, ҚР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескендір Хасанғалиев әндерін орындаушылардың Х халықаралық «Атамекен» ән фестивалі мәресіне жетті.

Байқауға еліміздің барлық өңірінен және ресейдің Астрахань облысынан үміткерлер қатысты.

Жайық жерінде 10-мәрте шымылдығын түрген өнер бәйгесіне 20 үміткер қатысты. Байқау мақсаты – көпшілікке патриоттық әндерімен танылған Ескендір Хасанғалиев әндерін насихаттау. Жас таланттарға қолдау көрсетіп, өнер көгінде самғауға ниетті жаңа есімдерді шығару. «Өңір басшыларының қолдауымен ән байқауын енді жыл сайын өткізуді ұйғардық. Бұл да биылғы байқаудың басты ерекшеліктерінің бірі дейді»,- композитор.

Ескендір Хасанғалиев, ҚР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

- Тағы бір атап өтетін ерекшелігі менің 200-ге жақын шығармаларым бар, әндерім. Соны олар өздерінше ізденіп, қайталамайтындай өткендегіні, басқа әндерімді айтып мені де, халықты да қуантып жатыр. Туған еліме, халқыма амандық тілеймін. Кешеден бері бүгін де зал лық толы тыңдап, бізбен бірге жанкүйер болып жатыр. Осының өзі мен ойлаймын, әндерімнің әлі де қарқыны басылмаған сияқты.     

Композитордың өзі төрағалық еткен қазылар құрамы да осал емес. Марат Сарбөпеев, Жаскелең Ғайсағалиев, Таңат Жесенбаев. Барлығы да халықаралық деңгейдегі түрлі ән байқауларының жеңімпаздары. «Композитор шығармаларын кеңінен насихаттау кейінгі буынға қажет. Талай толқынды тәрбиелеген тума таланттың туындыларын әлемдік деңгейде насихаттасақ артық етпейді»,- дейді оралдық өнерпаздар.    

Марат Сарбөпеев, әнші, қазылар алқасының мүшесі:

- Бір фестивальге емес, бірнеше фестивальға жететін әндері бар.  Сондықтан сол айтылмаған әндерін, жаңадан шыққан әндерін насихаттау керек және 10 шақты ән басқа тілде бар екен ағамыздың әндері. Айта кетсек, корей, қытай, француз тілдерінде. Сол әндерді көбірек насихаттасақ, басқа батыс елдеріне көрсетіп, сол жақтан үміткерлерді шақыртып деген сияқты. Сол нұр үстіне нұр болар еді.   

20 үміткердің ішінен бірнеше орындаушы дипломант атанса, Атыраулық Ержан Мырзахметов, шығыс қазақстандық Нұрбол Черубаев және тараздық Фариза Досболовалар үшінші орынды иеленді. Екінші орынды оралдық Дамир Сатыбаев пен  Атыраулық Мұратбек Жұмашевтар еншілесе, бірінші дәржелі диплом Шымкенттік «Сарын» тобына бұйырды. Ал, байқаудың бас жүлдесін композитордың «Көңіл күйі», «Сағындым сені» секілді әндерін нақышына келтіре орындаған алматылық Бекзат Абитов иеленді. 

Бекзат Абитов, Байқаудың бас жүлде иегері /Алматы қаласы/:

- Ескендір атамыздың әндері қиын деп айта алмаймын, бірақ жүрек керек, жүрекпен айту керек. Конкурсанттар өте талантты, дауыс жағынан, диапазон жағынан  өте керемет. Маған бәрі де ұнады, тәжірибе алмастық конкурсанттармен. Бүкіл республика қатысты, енді халықаралық конкурс болған соң барлық жақтан келді. 

Байқау жүлдегерлеріне лауреаттар атағы мен 100 мыңнан 750 мың теңге аралығында ақшалай сыйлықтар табыс етілді. «Сиясы кеппеген тың дүниелерім баршылық. Бұл әндерімнің де алдағы байқауларда жас әншілер репертуарынан табыларына сенемін»,- дейді композитор.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Руслан Ғазизов, Қанат Махмұтов

Осы категория бойынша: « «Түн құдайы» фильмі Сахалиндегі кинофестивальде көрсетіледі Оралдағы «Рухани жаңғыру» музейі ашылғалы 6 жарым мың адам тамашалаған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы