369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Батумиде өтіп жатқан әншілер байқауында Қазақстан намысын Мирас Жүгінісов қорғап жатыр

  • 485
  • UPD: 20:33, 28.08.2018

Грузияның Батуми қаласында алғаш рет «Жібек жолы жұлдызы» халықаралық музыкалық байқауы өтіп жатыр.

Шарада 14 елдің өнерпаздары бақ сынайды. Олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстаннан қатысушылар бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жыл сайын Ұлы Жібек жолы мемлекеттерінде ұйымдастырылатын болады.

«Жібек жолы жұлдызы» байқауында Қазақстан намысын Мирас Жүгінісов қорғап жатыр. 18 жастағы әнші – байқаудағы ең жас қатысушы. Ол мұндай халықаралық додада алғаш рет бақ сынауда.

Мирас Жүгінісов, байқауға қатысушы:

– Маған бұл байқау туралы 3-4 күн қалғанда айтты. Ағамның тамағы ауырып, шыға алмады. Десе де, мен сайысқа сақадай саймын. Грузин әнін жаттау аса қиын болған жоқ. Мұнда ағамның артқан үмітін ақтап, жеңіске жетуге келдім.

Фестиваль үш күнге жалғасады. Қатысушылар халықаралық хит әуендер мен өз елінің ұлттық әндерін шырқады. Ал бүгін Грузияда Мариамоба діни мерекесі болғандықтан, финалда грузин тіліндегі әуендер шырқалмақ. 

Нино Шаламберидзе, фестиваль ұйымдастырушысы:

– Бұл – алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестиваль. Грузия – Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды мемлекеттің бірі. Бұл байқау арқылы біз елдер арасындағы достықты, мәдени ынтымақтастықты насихаттағымыз келеді. Ал халықты жақындастыратын музыка. Айта кетейін, байқауға қатысып жатқан барлық әнші мықты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бірде бір қатысушы жүлдесіз қалмайды. Ал бас жүлдені иеленген әнші Грузияда демалу мүмкіндігін иемденеді. Арнайы дайындалған екі адамдық туристік жолдаманы ұтып алған өнерпаз Грузияның көрікті жерлеріне сапар шегіп, ұлттық тағамдардан дәм татады. 

Авторлары: Татия Джанибегашвили, Шалва Сурамелашвили

Осы категория бойынша: « Майра Мұхамедқызы Астананы әнге қосады Британдық режиссер Семей полигоны туралы түсірген деректі фильмнің көрсетілімі өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы