374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейлік өлкетанушылар мыңжылдық құпияны ашуға дайын

  • 351
  • UPD: 08:22, 29.08.2018

Семейлік өлкетанушылар тағы бір сенсацияны жария қылды.

Шаһар маңынан табылған адам сүйегі мен оған тиесілі заттар бірнеше мыңжылдық құпияны бүгіп жатуы мүмкін. «Мұқыр аңшысы» деп ат қойылған бұл жәдігер ерте қола дәуіріне жатуы мүмкін. Құнды заттарды «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының мүшелері мамыр айының соңында Мұқыр өзенінің бойынан тапқан. Болжам бойынша аңшы көктем айлары кезінде жардан құлап мерт болған. Адам сүйектерімен қоса жылқының да қаңқалары табылған. Әзірге сүйек жатқан жер уақытша келесі жылға дейін қайта көмілді.

Амантай Исин, тарих ғылымдарының кандидаты:

- Бұл адам, ол ғұн-сармат, түркі заманынікі де немесе моңғолдан кейінгі замандыкі де болуы мүмкін. Оны анықтау алдағы зерттеулердің жұмысы. «Мұқыр аңшысы» деген атауды қабылдап тұрмыз. Өйткені ғылымда солай, бір ат берілгені жақсы. Өйткені ескерткіштер өте көп, қайсысын кісілер жаттап жатады. 10-шы, 20-шы деген сияқты. Одан да осылай нақты болғаны дұрыс. Қайткенмен де бұл табылмалардың біздің өлкеміздің тарихына қатысы зор.

Осы категория бойынша: « Британдық режиссер Семей полигоны туралы түсірген деректі фильмнің көрсетілімі өтті Ұлттық музейде «Түркістан жауһарлары» көрмесі ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы