374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық музейде «Түркістан жауһарлары» көрмесі ашылды

  • 367
  • UPD: 16:30, 29.08.2018
Ұлттық музейде «Түркістан жауһарлары» көрмесі ашылды elorda.info

Ұлттық музейде Астана қаласының 20 жылдығы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің 40 жылдық мерейтойына орай «Түркістан жауһарлары» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, сатирик Көпен Әмірбек, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов және Ұлттық музей қызметкерлері қатысты.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі республикамыздағы іргелі музейлердің бірі. Қорық-музей ақын, ислам дінінің көрнекті жаршысы, «Түркістан пірі» атанған ғұлама Қожа Ахмет Ясауи (Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап, ХIV ғасырдың соңында Әмір Темір салдырған кесене негізінде Түркістан қаласында 1978 жылы 30 қыркүйекте Республикалық Қожа Ахмет Яссауи кесенесі сәулет ғимараты музейі ретінде ашылды.

Қорында 25 мыңға жуық жәдігері бар еліміздегі іргелі қорық-музейдің елорда төрінде көрмені өткізудегі мақсаты – Түркістанның тарихи орнын, оның мәдени-рухани келбетін ашып көрсету, тарихи жәдігерлерді насихаттау, мәдени байланысты кеңейту, музейлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Көрме осы жылдың 29 тамызынан 1 қазанына дейін жалғасады.

Осы категория бойынша: « Семейлік өлкетанушылар мыңжылдық құпияны ашуға дайын Халықаралық фестиваль С.Еслямова басты рольді сомдаған фильммен ашылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы