374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ертіс өңіріндегі Ж.Аймауытов атындағы театрда жаңа маусым шымылдығы түрілді

  • 230
  • UPD: 20:36, 31.08.2018

Жаймашуақ жаздың соңғы күні Ертіс өңіріндегі Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрында жаңа маусымның шымылдығы түрілді.

Бүгін көрермен назарына Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклі ұсынылды. Қазақтың заңғар жазушысының дәл осы пьесасы осыдан 29 жыл бұрын өнер ошағында алғаш рет сахналанған екен.

Жаңа маусым көрермендерді қандай жаңалығымен қуантады? 

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Қайырлы кеш, Әнуарбек! Бүгінгі мереке - театр ұжымы үшін ғана емес, көрермендер үшін де көптен күткен күн. Мен де театрға жиналған қауыммен бірге сүйікті әртістеріммен қауыштым. Бірнеше минут бұрын қара шаңырақтың қасиетті сахнасының шымылдығы түрілді.  

Бұл Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрының 29-шы маусымы. Дәстүр бойынша киелі ордада қазақ драматургиясының жауһар туындысы, «Айман-Шолпан» пьесасы сахналанды. Егемен Қазақстанның құрылған шағында ашылған театрды күллі әлемге танытқан да осы драмалық комедия. Сонау 90-жылдары ҚР-ның мәдениет қайраткері Ерсайын Тәпеновтің бастамасымен Алматыдан бір топ жалынды жас келіп, Ертіс жерінде қазақ өнерінің дәнін сепкен болатын. Сол кездегі жастар театр әртістерінің бірнеше толқынын тәрбиелеп өсірді.

Театр майталмандары жас өнерпаздармен мол тәжірибелерімен бөлісіп, ағалық ақылын айтудан таймаған.

- Сөз басында сүйікті әртістеріммен қауыштым деп айтып қалдың, алған әсеріңмен бөліссең!

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Иә, дұрыс айтасың, Әнуарбек. Өз басым, премьералық туындыларды жіберіп алмауға тырысамын. Театр репертуарындағы Ғабит Мүсіреповтің «Атау кересі» мен Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» спектакльдерін ұнатамын. «Айман-Шолпан» қойылымы да бар.

Талжібек Атамбек, ҚР еңбек сіңірген артисі:

- Бүгінде театрдың репертуарында отандық және шетелдік драматургияның озық үлгілерінің жүзден астам туындысы бар. Атап айтқанда, қара шаңырақта Чеховтың «Чайка», Шекспирдің «Король лир», Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Қаракөз» сияқты қойылымдары сахналанды. Жаңа маусым қандай жаңалықтарымен қуантпақ? Бұл туралы театрдың директоры Арман Темірбек айтып берсін.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Тәуелсіз елімізбен бірге қатар өскен театрда осындай  жағымды жаңалықтар бар.

Осы категория бойынша: « Халықаралық фестиваль С.Еслямова басты рольді сомдаған фильммен ашылады III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын Kazakh TV арнасы тікелей эфирде көрсетеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы