374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сеулде Қазақстан мен Кореяның түпкі байланысын баяндайтын кітап таныстырылды

  • 249
  • UPD: 21:40, 02.09.2018

Зерттеу жүргізген екі елдің ғалымдары Есік қорғанында Алтын адам көмілген жерден табылған алтындар мен ежелгі Силла патшалығындағы зергерлік бұйымдардың ұқсастығын анықтаған.

Тағы бір мәдени байланыс – Қазақстанның темір дәуіріндегі тас қорғандар. Археологтардың пікірінше, мұндай тарихи қарым-қатынас Ұлы Жібек жолы арқылы орнаған.

Ли Мён Ок, Кореядағы ұлттық зерттеу институтының ғылыми қызметкері:

- Корея мен Қазақстанда табылған дүниелерде ұқсастық бар. Алтын зергерлік бұйымдарындағы өрнектер мен жануарлардың суреті бірдей. Зерттеу барысында Қазақстан мен Корея арасында мәдени байланыстың барына көзім жетті. Енді қазақ және орыс тілінде жарық көрген кітаптарды Қазақстан мен ТМД мемлекеттерінің ғылыми орталықтары және кітапханаларына жібереміз.

Осы категория бойынша: « Жамбыл облысында киелі жерлер тізіміне 35 нысан енгізілді Украина радиосында «Менің Қазақстаным» бағдарламасы жарыққа шықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы