374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда мүсіндердіӊ халықаралық фестивалі өтіп жатыр

  • 177
  • UPD: 12:49, 11.09.2018
Алматыда мүсіндердіӊ халықаралық фестивалі өтіп жатыр

Алматыда  мүсіндер мен шағын архитектуралық пішіндер-діӊ PARK FEST халықаралық фестивалі өтіп жатыр.

Қала күні мерекесі қарсаңында алғаш ұйымдастырылып отырған шараға көптеген танымал өнер шеберлері қатысты. Байқаудың алғашқы іріктеу кезеңіне  қазақстандық және шетелдік сәулетшілерден барлығы бес жүзден астам тапсырыс түскен. Сараптама комиссиясыныӊ мүшелері нысандардыӊ көркемдік жағына, қаланыӊ бүгінгі сәулеті мен тарихи кескін-келбетіне сәйкестігі мен ұлттық нышандарға ерекше назар аударды. Фестиваль аясында  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті  маңындағы «Достық» саябағында «Сәлем, Көршілер» атты мәдени шара өтті. Онда  интерактивті арт-нысандар орнатылып, түрлі ойындар ойнатылды. Бүкіл отбасы мүшелері үшін көркемдік шеберлік мектептері жұмыс жасады. Мәдени шараға Беларусь, Ресей және Қырғызстан мүсіншілері де қатысты.

Даши Намдаков, ресейлік мүсінші: 

- Шынын айтсам дәл осындай фестивалге бұрын-соңды қатысқан емеспін. Бұл өте маңызды шара. Біріншіден, кәсіби мамандар  арасында іскерлік  қарым-қатынасты нығайтатын мүмкіндік. Екіншіден, бұл жастар үшін үлкен шеберлік  мектебі болмақ. Үшіншіден, қала тарихын, оның әсемдігін насихаттау үшін өте қажет.

Осы категория бойынша: « «Астана Балет» өнерпаздары Италия көрермендерінің қошеметіне бөленді Жапонияда қыпшақ батырларының мұражайы ашылған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы