374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда халықаралық кинофестивальдің шымылдығы түрілді

  • 147
  • UPD: 19:39, 15.09.2018

Шара Алматы әкімдігінің бастамасымен қала күніне орай алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

- Бұл кинофестивальдің ерекшелігі неде?

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Халықаралық кинофестивальдің мақсаты – Қазақстанның киноиндустриясына халықаралық жобаларды тартып, Алматының туристік мәртебесін әлемге таныту. дәстүрлі қызыл кілеммен басталған киномерекенің қонақтары қатарында француздық продюсер Пьер Спенглер, неміс актрисасы Настасья Кински, американ кинорежиссері Роберт Минкофф бар. Кинофестиваль режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмімен ашылды. Айта кетейік, Канн кинофестивалінде осы картинада басты ролді ойнаған қазақстандық актриса Самал Еслямова «үздік әйел ролі» номинациясы бойынша марапатталған болатын. Кинофестивальде 10 кинотуынды сайысқа түскелі отыр.  Олар «Үздік режиссер», «Үздік актер», «Үздік актриса» номинациялары бойынша марапатталады. Конкурстан тыс 21 фильм көрермендер назарына ұсынылмақ. Айта кетейік, шетелдік және отандық киномамандардан тұратын қазылар алқасына Сергей Бодров төрағалық етеді. Ал кинофестиваль аясында көрсетілетін картиналарды 5 күн бойы алматылық көрермендер тегін тамашалай алады.

- Гүлжан, кинофестивальде қандай отандық жаңа фильмдер көрсетілмек?

- Айта кетейік, шара қорытындысында киногерлердің «Тұлпар» ұлттық сыйлығы табыс етіледі. Сондай-ақ Ақан Сатаевтың «Бизнесмендер» фильмінің премьерасы көрсетілмек.

Осы категория бойынша: « «Ұлттық музейге сый тарту» республикалық акциясы Алматы облысында жалғасты Түркістан жерін аралаған шетелдік журналистер ерекше шабыт алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы