374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Astana Art Show» көрмесі өтіп жатыр

  • 302
  • UPD: 23:35, 15.09.2018

Астанаға суретшілер, мүсіншілер мен фотографтар жиналды. Олар ASTANA ART SHOW көрмесіне қатысып жатыр.

Отандық және шетелдік өнер иелері  өз туындыларында қазіргі заманның бет-бейнесін өзгеше бағытта беруге тырысқан. Шара аясында танымал қылқалам шеберлері  дәріс оқып,  шеберлік сабақтарын өткізеді. Ал балаларды ойын-сауық бағдарламалары күтеді. Көрме қазан айының соңына дейін жалғасады.  

Әсел Ахметжанова, «Astana Art Show» көрмесінің кураторы:

- Бұл жастарға арналған көрме. Шараға 40-қа жуық шығармашылық өкілдері қатысты. Дені жастар. Мұнда қойылған жұмыстардың басым бөлігі ірі халықаралық көрмелерге қойылып, халықтың бағасын алған. Осы Astana Art Show-қа  арнап жасалған жобалар да бар.

Осы категория бойынша: « «Астана балет» театры Монакода гастрольдік сапармен болды Алматыда халықаралық деңгейдегі кинофестиваль өтіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы