366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде әлемнің үздік кинокомпанияларымен тығыз жұмыс істеуге мүмкіндік бар

  • 122
  • UPD: 14:55, 19.09.2018

Отандық киноиндустрия қарқын алып келеді.

Соңғы жылдары қалың көрерменге жол тартқан төл туынды саны екі есеге артқан. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында кинематография мәселелрі бойынша заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы елімізде әлемнің үздік кинокомпанияларымен тығыз жұмыс істеуге мүмкіндік бар дейді. Себебі шетелдік ең алдымен еліміздің тұмса табиғатына қызығушылық танытады екен. «Ал Қазақстан атын әлемге шығарудың бірден бір жолы киноиндустрияныың қарқын алуы», - дейді. Бұл ретте осы саланы қаржыландыруды қолға алу керектігін мәлім етті. Министр прокатқа шыққан отандық туындылар саны артты деп отыр. Мәселен 2014 жылы оның нарықтағы үлесі 6%-ға өсіп, 12,5%-ға жеткен. Соңғы үш жылда 20 көркем фильм, 67 деректі фильм мен 4 анимациялық картина жарыққа шыққан.

Хабар 24 телеарнасы