366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Фокус Қазақстан» жобасы халықаралық өнер сахнасына жол тартты

  • 114
  • UPD: 15:20, 20.09.2018

Ел тарихында тұңғыш рет «Фокус Қазақстан» атты кең ауқымды жоба халықаралық өнер сахнасына жол тартты.

Енді ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап осы күнге дейінгі отандық бейнелеу және заманауи өнер туындыларын әлем жұртшылығы тамашалай алатын болады. Көрменің Лондондағы ашылу салтанатына

Ғалымжан Қараманұлы, twitter@baiimbet:

- «Фокус Казахстан» жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, оның ішінде «Жаһандандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тармағы бойынша жүзеге асып отыр. Ол алдымен ұлттық өнерімізді жер-жаһанға насихаттауға бағытталған. Жоба кешенді түрде жүргізілетін болады. Және көрерменге таныстыру, суретшілерге арналған кәсіби және білім беру бағдарламасы сынды бөлімдерден тұрады.

Заманауи суретші Асхат Ахмедиардың «Ата-баба тұмары» деп аталатын туындысы бір-біріне арқан жіп арқылы жалғанған шойын қазандардан құралған. Автордың пайымдауынша, қазан-ошақ маңынан шыға бермейтін қазақ әйелдері қандай да болса, мақтау-мадақтауға лайық. Сондықтан олардың қоғамдағы рөлін кемсітпей, керісінше көтермелеуіміз керек.

Асхат Ахмедиар, суретші:

Қазанның идеясы неден шыққан? Қасымдағы жолдасымның күнде қазанның басында істеп жүрген еңбегі бір қарағанда жаныма батып кетті. Қанша уақыты кетеді.

Тағы бір суретшінің «Келін» атты кең ауқымды туындысы түгелдей пластикалық жылтыр қалтадан жасалған. Автор осылайша, халықтың назарын экология мәселесіне аударуды ойлапты.

Сәуле Сүлейменова, суретші:

- Мен пластикке деген көзқарасты толығымен өзгертуді ұсынамын. Оны басқаша пайдалану жолдарын іздеуге шақырамын. Егер біз оны толығымен жоя алмасақ, демек пайдаланудың балама түрлерін табуымыз керек.

«Постномадтық көкжиектер» көрмесінде атағы жер жарған қазақстандық өнер майталмандарынан бөлек шығармашылық жолына енді түскен жас авторлардың да көркем дүниелері қойылып отыр. Осылайша, әртүрлі буын өкілдері өзара диалогқа түсіп, кеңестік кезеңнен бүгінге дейінгі өзгерістерді зерттеп зерделемек.

Роза Әбенова, ҚР Ұлттық мұражайының бөлім жетекшісі:

- Ол жерде ұлттық мәдениет элементтері сақталады. Бұл – бізді ағылшындардан ерекшелейтін қасиет. Бұл - әлемді әралуан ететін дүние.

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауы арқылы Ұлттық мұражайдың ұйымдастыруымен жүзеге асқан көрменің ашылуына адам көп келді. Шетелдік көрермен көшпенділер мәдениетінен сыр шерткен дүниелерге деген таңданыстарын жасырмады.

Дэвид Элиот, сарапшы:

- Бұл тек қазіргі заманның ғана емес, болашақтың да мәдениеті деуге болады. Бұрынғыдан ашығырақ және тең. Бұл - қазақстандық өнердің болашағына жол ашқан көрме деуге болады.

Британиялықтар көрмені 1 ай бойы тамашалай алатын болады. «Фокус Қазақстан» жобасы сондай-ақ Германия, АҚШ және Оңтүстік Кореяда да жүзеге аспақ.

Авторлары: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы