360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда ҚХА және өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті

  • 259
  • UPD: 14:16, 22.09.2018
Түркістанда ҚХА және өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті

Түркістан қаласындағы Есім хан алаңында Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өзбек халқының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күніне арналған «Түркістан – түркі халықтарының рухани орталығы» атты мерекелік шарасы өтті.

Айтулы жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, Өзбекстан Республикасынан арнайы делегация өкілдері, облыс әкімі мен облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым мен журналистер, этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірдегі этностардың тілі мен мәдениетінің сақталуына мүмкіндік жасауға бағытталған мерекелік шара қонақтардың Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуімен басталып, өзбек этномәдени бірлестігінің қолөнер бұйымдары, ұлттық тағамдары және ақын-жазушылардың таңдаулы туындыларының көрмесін тамашалауымен жалғасты.

Жиында облыс басшысы ел бірлігін нығайтуға қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтарды Қазақстан өзбектері қоғамдық бірлестіктерінің «Достық» қауымдастығының «Қоғам белсендісі» төсбелгісімен марапаттады. Салтанатты шарада өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы шығармашылық ұжымдар көпшілік қауымға концерттік бағдарлама ұсынды. Сондай-ақ мереке аясында Түркістан қаласындағы «Локомотив» орталық стадионда қазақстандық «Ордабасы» және өзбекстандық «Пахтакор» командаларының ардагер ойыншылары арасында жолдастық кездесу өтті.

Айтулы шара отандық және өзбекстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертпен аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы