366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италия композиторы қазақстандық әншіге арнап музыка жазды

  • 149
  • UPD: 19:38, 23.09.2018

Қазақ тіліндегі өлең шумақтарына италияндық композитор музыка жазды.

Аугусто Амикуччидің бұл еңбегі қазақстандық әнші Ержан Нұрғалиевке арналған. Бірер ай бұрын жазылған Ке коза фарей (Che Cosa Farei ) әні Ресейде өз тыңдарманын тапқан болатын.

Ержан Нұрғалиев осыдан бірнеше жыл бұрын Мәскеуге қоныс аударған. Күміс көмей өнер иесі Еуропада өткен концерттердің бірінде көзге түсіп, оған көптеп ұсыныстар түсе бастаған. Әнші осыған дейін Ресейде 13 жеке концертін өткізген. Жақында «Ке Коза Фарей» деп аталатын ән жазып, енді оны қазақ тіліне аударып жатыр.

Ержан Нұрғалиевті Мәскеуде Еуразияның алтын дауысы деп атап кеткен. Неоклассика жанрында айтатын әншінің репертуарында бірнеше тілдегі ән бар, бірақ ол қазақ тіліндегі шығармаларға айрықша көңіл бөлетінін атйады. Ол Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева және Ресейдің халық әртісі Ренат Ибрагимовпен бірге «Кремльде» «Үшқоңыр» әнін де шырқаған.

Ержан Нұрғалиев, әнші:

– Кремль сияқты жерде қазақ әнін айту – мен үшін жоғары мәртебе. Өнердегі жолымды осылай бастау әрі қарай дамуға үлкен серпін береді деп есептеймін. Отандастарымыз төл мәдениетімізді әлемге паш етуі тиіс. Осы ретте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өте маңызды рөл атқарады. Өйткені өскелең ұрпақ келешекте бізге қарап бой түзеп, бізден өнеге алады.

Ресейлік әріптестері оның дауысын ғана емес, кәсіби шеберлігін де жоғары бағалайды.

Ренат Ибрагимов, Ресейдің халық әртісі:

– Ержан – өте білімді және тәрбиелі әнші. Оның дауысынан бөлек, кәсібилігі бір төбе. «Үшқоңыр» өте қатты ұнады, әуезді ән. Басында Ержан Нұрғалиевпен осы өлеңді айтпақшы болдық, кейін Роза Рымбаевамен келісіп, үшеуіміз бірге орындадық. Мәскеудің өнер сүйер қауымы бұл әнді өте жылы қабылдады.

Ержан Нұрғалиев болашақта шығармашылығын шыңдай келе шет елдерде концерттер өткізіп, сол арқылы қазақтың музыкалық мәдениетін әлемге паш етуді өзіне парыз санайды.

Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы