366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада алғаш рет қысқаметражды фильмдер фестивалі өтіп жатыр

  • 190
  • UPD: 23:32, 26.09.2018
Астанада алғаш рет қысқаметражды фильмдер фестивалі өтіп жатыр

Позитив жанрындағы көркем туындылар бәсекесінің тақырыбы – «Астана аспаны» деп аталады.

Ұйымдастырушылар еліміздегі 10 жас режиссерді таңдап алып, оларға 10-14 минуттық фильмдер түсіруге тапсырма берген, деп хабарлайды «хабар 24». Елорданың 20 жылдығына арналған кинокартиналарға отандық актерлерден бөлек Ресей, Өзбек, қырғыз және украин елінің тәжірибелі кино шеберлері де түсіпті. Кинофестивалдің «Позитив» атануы да тегін емес. Кинотуындылар негізінен комедиялық драма жанрында түсірілген. Фестивалдің мақсаты – отандық талантты жастарға жол ашу, жаңа есімдерді анықтау.

Сәбит Әбдіхалықов, продюссер:

- Әр фильмде бір шетелдік актер ойнайды. Ол әрине, біз жас режиссерлерге мүмкіндік беріп жатырмыз. Белгілі актерлармен жұмыс жасауға. Сонымен қатар жас режиссерлерді танытуға. Әр режиссердің қолтаңбасын көрсетуге. Он фильмнің он түрлі қолтаңбалары жасалды. Қазақ киносына бір жаңа леп алып келуге жасалған жұмыс.

Хабар 24 телеарнасы