366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда «Бала дауысы» ән байқауының финалистері гранд-финалға дайындалуда

  • 167
  • UPD: 23:49, 26.09.2018

Алматыдағы «Бөбек» орталығында ұлттық «Бала дауысы» ән байқауының «Жұлдызды үйі» ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған 19 өрен алдағы екі аптада осы жерде байқаудың гранд-финалына дайындалады. Бүгін 8 бен 12 жас аралығындағы ұл-қыздар Бейбіт Құшқалиев, Мәдина Сәдуақасова, Бауыржан Сатов секілді әнші, актер аға-әпкелерімен кездесті. Олар өздерінің ізбасарларымен вокалдық және актерлік шеберлік, би және сахна мәдениеті бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Онлайн түрде өткен биылғы республикалық іріктеуге 3 мыңнан астам өтініш түсіпті. Екінші кезеңге өткен 80-нен астам бала Алматыға шақырту алып, арнайы тыңдауға қатысқан. Олардың арасынан 19 бала іріктеліп, қорытынды сынға жолдама алып отыр. Ұлттық «Бала дауысы» ән байқауының гала-концерті 8 желтоқсан күні Астана қаласында өтеді.

Исатай Болатханұлы, Ұлттық «Бала дауысы» ән байқауының финалисі:

-  Жасым 11-де. Бесінші сыныпта оқимын. Вокалмен әуестенемін. Кітап оқимын. Сабақты да оқимын. Арасында дзюдоға да барамын.

Толғанай Қасенқызы, Ұлттық «Бала дауысы» ән байқауының ұйымдастырушысы:

Бізде гран-при, 1,2,3 орындарға бөлінеді. Гран-при алған баламыз біздің Париж қаласындағы Диснейлендке саяхатқа жолдама алады. Және осы еліміздегі музыкалық оқу орнына грант иегері атануына мүмкіндік алады. Ал 1,2,3, орын және де қалған басқа қатысушылар да байқаудың бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Хабар 24 телеарнасы