360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақтың ұлттық музыкасы Францияда шырқалды

  • 275
  • UPD: 13:27, 01.10.2018

Канн қаласының тұрғындары мен қонақтары Круазет жағалауының бойында қазақтың күйі мен әсем әуенін тыңдауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрғиса Тілендиев атындағы фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі көрермендердің назарына ұлы қазақ композиторларының шығармаларын ұсынды. Мәдени шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Фархад Кубиев, НұрғисаТілендиев атындағы оркестрдің солисі:

– Біз Канн қаласына келгелі, керемет сезімдемыз. Себебі бұл жақтың табиғаты да, теңіздің жағалауы да адамға керемет әсер қалдырады. Қазақтың әні әлемде шырқала берсін.

Рита Буоно-Бойеро, саяхатшы:

– Бұл – өте тамаша әрі қызық жоба. Қазақ халқының тәтті күйі мен әсем әуені көңілден шықты.

Хабар 24 телеарнасы