366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжілісте еліміздің тарихи-мәдени мұрасын қорғау туралы заң жобасы таныстырылды

  • 276
  • UPD: 13:45, 01.10.2018

Мәжіліс депутаттарына тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы заңның жобасы таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Депутаттар оны алдағы уақытта өтетін отырыстарда қарап қызу талқылайтын болады. Кездесуге ғалымдар, археологтар да қатысып, құжат жайлы өз пікірімен бөлісуге мүмкіндік алды. Заң жобасын әзірлеушілерге көп сұрақ қойылды. Әсіресе мәдени мұраларды анықтау есепке алу, зерделеу және оларға мониторинг жүргізу жолдары мен оларды қорғауға қатысты сұрақтар болды. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, бұл құжаттың арқасында мәдени мұралардың мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді. Заң жобасында салада халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу тетіктері де көрсетілген. Мәдени мұра нысандары бірнеше санат бойынша бөлінеді. Ал әрбір нысанның қай санатқа жатқызылатынын арнайы құрылатын комиссия мүшелері анықтайтын болады. Және де заң жобасында археологиялық ғылыми реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау туралы бап бар. Жаңа заң жобасына сәйкес, бұл нысандардың орнын ауыстыруға немесе өзгертуге қатаң тыйым салынған.

Айта кетейік, қазір елімізде 25 мың тарихи-мәдени ескерткіш пен 600-ге жуық киелі жер бар. Бүгінгі жиынға қатысушылар бұл орындарға бару талаптары мен оларды туризм орталығына айналдыру мәселелерін ортаға салды.

Хабар 24 телеарнасы