365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде қаржыгерлер туралы алғашқы фильм экранға шықты

  • 175
  • UPD: 22:11, 04.10.2018

Қазақстандағы қаржы саласы мен қор нарығы туралы түсірілген алғашқы кинофильм көрерменге жол тартты.

Бұл туынды «Финансист. Игра на вылет» деп аталады.

Байлық пен мансап, ақша мен абырой, достық пен сатқындық тақырыптары қамтылған фильм орыс тілінде түсірілген. Авторлар оны енді қазақ және ағылшын тілдеріне аударуды жоспарлап отыр. 

«Финансист», қазақша айтқанда «Қаржыгер» фильмі еліміздегі қаржы нарығының дамуы, осы саланың қитұрқы тұстары мен бұралаң жолдары жайында. Басты кейіпкерлері – бай болуды мақсат еткен жас жігіттер Руслан мен Тайыр. Русланның қор нарығы туралы түсінгі шамалы. Ал Тайыр болса күн сайын миллиондаған теңгені биржаға салып, табыстың кілтін тапқан әккі брокер. «Бұл рөлдерді ойнаған актерлер өз кейіпкерлерінің мінез-құлқын сәтті алып шықты», – дейді идея авторлары.  

Ерболат Байғанин, жоба продюссері:

- Актерлер ойынына ризамын. Шыңғыс Капин мен Асылхан Төлеповтің шеберлігіне тәнті болдым. Карина Жұмалиева да өзінің кейіпкерін жақсы аша алды деп ойлаймын. Жалпы, біз бұл фильмде еліміздегі қаржы нарығындағы түрлі жайттарды, бизнес жүргізудегі ерекшеліктерді көрсеткіміз келді.

Фильмнің дайындық кезеңі бір жылға созылды. Ал негізгі түсіру жұмыстары 41 күнде аяқталған. Мұнда ақша табудың түрлі жолдары, тендер ойнату, тамыр-таныстық пен жемқорлық мәселесі де қамтылады. Бұдан бөлек қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынас, яғни махаббат иірімдері де көрініс тапқан. 

Карина Жұмалиева, актриса:

- Мен жас қызбын. Экологиямен айналысатын қызбын. Адамдарға көмектесетін қызбын. Адамгершшілікке сенемін. Менде махаббат болады.

Негізгі көріністер Алматы және Алматы облысының аумағында түсірілді. Режиссері – Елена Лисасина, продюсері – Анар Жүнісова. Кинотуынды бүгіннен бастап экранға шықты. 

Авторлары: Алмас Садуақас, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы