360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Руханият тіректері» атты кітап көрмесі ашылды

  • 264
  • UPD: 23:49, 04.10.2018
Елордада «Руханият тіректері» атты кітап көрмесі ашылды

 Шара әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алтыншы съезіне арналған.

Көрме негізгі төрт бөлімнен тұрады. Алғашқысына Елбасының түрлі дін өкілдерінен алған марапаттары қойылса, екінші бөлімнен Нұрсұлтан Назарбаевтың руханият жайында айтқан салиқалы сөздерін оқуға болады. Ал үшінші бөлім діндердің тарихына арналса, төртіншісіне құрандар жинақталыпты.

Күләш Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

- Жалпы 800 ден аса кітап қойылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы