366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада ақындар айтысы өтеді

  • 601
  • UPD: 16:42, 08.10.2018
Астанада ақындар айтысы өтеді elorda.info

Елордада «Жыр арқауы – Астана» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Aitysker.org сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Жыр арқауы – Астана» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді. Айтыс 2018 жылдың 20-21 қазан күндері Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында болады», - делінген хабарламада.

Бұл додаға Жамиға Дәулетқызы (Қытай Халық республикасы), Рашат Айдос (Моңғолия), Қуантқан Аманжол, Маратов Асылбек, Усупбек Уулу Мундузбек (Қырғызстан), Серік Қойшығұлов, Еркебұлан Қайназаров, Мұхтар Ниязов, Ринат Заитов, Біржан Байтуов, Айбек Қалиев, Әсем Ережеқызы, Шұғайып Сезімхан, Дәурен Ысқақ, Мейірбек Сұлтанхан, Дидар Қамиев, Аруна Керімбек, Аяулым Жұмабекқызы, Мақсат Аханов (Қазақстан) секілді аузымен құс тістеген ақындар қатысады.

Айтысты М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, ақын, мәдениет қайраткері, халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді.

Хабар 24 телеарнасы