366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда халықаралық сән апталығы өтіп жатыр

  • 199
  • UPD: 23:06, 08.10.2018

Өңірге 18 елдің 33 киім дизайнерлері мен Еуропа мен Азияның 30-ға жуық сәнқой сарапшылары келіп, шараға қатысып жатыр.

Туризмді дамытуға бағытталған шараны мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова ашып берді. Алдағы 4 күн ішінде облысқа үш мыңға жуық турист келеді деп күтілуде. Олардың арасында туризм саласының халықаралық деңгейдегі білікті мамандары да бар. Айта кету керек, осы сән апталығында аймақ кәсіпкерлеріне 70 миллион теңге пайда түседі деп болжанып отыр. Сонымен қатар бүгін Қазақ-Өзбек елдерінің іскер әйелдері бас қосты. Олар қос мемлекет арасында шекаралық ынтымақтастық орнату мен туризм саласын дамыту жайын сөз етіп,  өзара пікір алмасты. Енді қос тарап туризм саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында өзара көмек көрсететін болды. Бұл бағытта  Жамбыл туризм қауымдастықтары мен Өзбекстан Республикасының ірі туристік компаниясы арасында екі жақты әріптестік меморандумға қол қойды.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы ӘІЖОДС жөніндегі ҰК төрағасының орынбасары:

- Өзбек әйелдері мен қазақ әйелдерінің іскерлік байланысын нығайту. Іскерлік байланысты нығайта отырып екі елдің де экономикасының әл-ауқатын жақсартуға ықпал ету. Сонымен қатар бүгін нақты ұсыныстар айтылды. Мысалы, туристік жолдарды дамыту. Жібек жолы идеясына Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік компаниялар арасындағы екі мемлекет бір пакет деген ұсыныс айтылды.

Мукарам Нұрматова, Өзбекстанның әйелдер істері жөніндегі комитеті төрайымының орынбасары:

- Бұл екі ел үшін маңызды шара. Мұндай шараны жүйелі түрде өткізіп тұру керек. Бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, үйренетін нәрсе көп. Біз де туристік қызметтерді дамытуға мүдделіміз. Бүгін осыған қатысты арнайы меморандумға қол қойдық. Келер жылы дәл осындай шараны Өзбекстанда өткізу жоспарда. 

Қонақтарды қазақстандық іскер әйелдердің жұмыс бағыты мен тәжірибесі қызықтырып отыр. Мәселен, еліміздегі шағын және орта кәсіп иелерінің 44 пайызы нәзік жандылар. Ал Жамбыл облысында әрбір үшінші жұмыс орнын әйелдер басқарып отыр екен.

Хабар 24 телеарнасы