360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Айка» фильмі «Оскар» жүлдесінен үміттілер тізіміне енді

  • 128
  • UPD: 18:48, 09.10.2018
«Айка» фильмі «Оскар» жүлдесінен үміттілер тізіміне енді Zakon.kz

Сергей Дворцевойдың «Айка» атты фильмі Қазақстан атынан «Шетелдік үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар» жүлдесінің лонг-листіне кірді.

Бұл туралы жүлденің сайтында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осы санат бойынша «Оскар» жүлдесінен үміттілердің қатарында Константин Хабенскийдің – «Собибор», режиссер Дарья Жуктың беларусьтік лентасы – «Хрусталь», украиналық режиссер Сергей Лозницаның – «Донбасс» фильмі , қытай режиссері Цзян Вэннің Hidden Man фильмі бар.

Жүлдеден үміттілердің қатарына кіретін бес картинаның аты 22 қаңтарда айтылады, жүлде 24 ақпанда «Оскардың» 91-ші салтанатында табыс етіледі.

«Айка» фильмі қырғызстандық қыздың өмірін суреттейді, ол Мәскеуде астыртын жұмыс істеп, өмір сүреді. Күтпеген жерден жүкті болып қалған ол баласын перзентханада тастап кетеді. Уақыт өте келе оның аналық сезімі оянып, тастап кеткен ұлын іздей бастайды.

Хабар 24 телеарнасы