365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда тұңғыш рет әлемдік 500 хор әртісі өнер көрсетеді

  • 174
Қазақстанда тұңғыш рет әлемдік 500 хор әртісі өнер көрсетеді

Елімізде алғаш рет бес құрлықтың 25 елінің 500 хор әртісі өнер көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар24».

Олар «Астана – әлем дауысы» халықаралық фестивалінің гала-концерті аясында рухани және ұлттық шығармаларды орындайтын болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстан хор дирижері» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырған баспасөз конференциясында айтылды. Жалпы шара 5 қазан күні басталған еді. Содан бері шетелден келген өнерпаздардың достық концерттері өтіп, шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Ертең – фестивальдің соңғы күні. Соған орай елордалық тұрғындар мен қонақтардың назарына гала-концерт ұсынылады.

Эмили Куо Вонг, Хор музыкасы халықаралық федерациясының президенті:

– Мен Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Тамаша мемлекет. Көздің жауын алады. «Астана – әлем дауысы» фестивалі бес құрлықтың басын қосты. Қазақ елінде хор музыкасы жақсы дамыған екен. Болашақта екітарапты серіктестік орнатып, тәжірибе алмасуды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы