366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Жас қалам» жастар форумы өтті

  • 127
  • UPD: 13:32, 12.10.2018

Бұқаралық ақпарат құралдары саласында қалам сермеп, микрофон ұстаған мамандар Астанада бас қосты.

Еліміздің әрбір аймағынан келген журналистерді «Жас қалам» жобасы тоғыстырды. Форумға 14 пен 29 жас аралығындағы 100-ден аса адам қатысты. Республикалық арналар мен басылымдардың басшылары жастар қауымымен журналистика саласының дамуы төңірегінде ой бөлісті. Сондай-ақ кез келген ақпаратты көрермен қауымға түсінікті жеткізу жолдары назарға алынды.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Жастарға, журналистерге менің тілейтінім ерінбей, әрқашан да жаңа білім іздеп, жаңа ақпаратты тауып, әрбір саланы жақсылап тұрып біліп алу керек. Сонда сіздерге ел де үлкен сеніммен қарайды, сіздің сөздеріңізді тыңдайды, сіздер осы Қазақстанның белгілі азаматы болып шығасыздар. Әрбір журналист лидер болуы керек.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- Қаламның иесі болып, мықты журналиске айналу айтуға ғана оңай шаруа. Ол үшін көп ізденіс, тәжірибе қажет. Сондықтан бүгінгі форумның маңыздылығы жоғары әрі сіздерге берері көп болмақ. Осындай пікір алмасу алаңдары қанаттарыңызды қатайтады, талаптарыңызды шыңдайды.

Хабар 24 телеарнасы