366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бакудегі «Қалдықтардан жасалған өнер» көрмесіне қазақстандық суретші қатысты

  • 120
  • UPD: 17:50, 13.10.2018

Бакуде «Қалдықтардан жасалған өнер» көрмесі өтті.

«Шебердің қолында қоқыс та өнер туындысына айналуы мүмкін». Осындай қағиданы ұстанған ұйымдастырушылар қоршаған ортаның ластану мәселесіне жұрттың назарын аудартпақ. Көрмеге қазақстандық суретші Ольга Эрен де қатысты.

Сынған шыны, пластик ыдыс, ескі темір-терсек пен жиһаз. Бұл заттардың түрі мүлдем өзгеріп, енді оны қоқыс деп атау қиын. Жетінші рет өтіп жатқан көрмеде әлемнің түрлі елдерінің 100-ден аса суретшісі осы тектес туындыларын ұсынды.

Эльмар Меликов, «Таза қала» қозғалысының өкілі:

- Көрменің негізгі мақсаты – халыққа қоршаған ортаны таза сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Адамдар керек болмай қалған заттарды қайда болса сонда тастау әдетінен құтылуы керек. Біз қалдықтарды өндірісте қайталама шикізат ретінде пайдалануға тырысып жүрміз. Тазалықты сақтауды үгіттейтін тәсіл көп, соның бірі осы өнер.

Қазақстандық суретші Ольга Эрен өз туындысын киім құрақтары мен әшекейлердің бөліктерінен жасаған. Бұл еңбегін ол «Шамс» деп атаған, араб тілінен аударғанда күн мағынасын білдіреді. Осылайша суретші жарық философиясын жеткізіп, Жер бетінде тіршілік сақтауда оның маңызын білдіргісі келді.

Эльмар Меликов, «Таза қала» қозғалысының өкілі:

- Қалдықтар қажет болмай қалған заттардың жиынтығы емес, одан өнер туындыларын да жасауға болады. Көрме осының айқын көрсетіп отыр. Көрме аяқталғаннан кейін, кейбір туындыларды мұражайға қояды, қалғандарын арнайы орында сақтайды.

Өнердің қоқысты да кәдеге жарататын күші бар. Мұражайда жиналған туындылар осылайша қоршаған ортаны қорғаудың мәселелеріне қоғам назарын аударып отыр.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы